ШҰҒЫЛ! АҚПАННАН БАСТАП ЖАРЫҚ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ

20:31, 5 желтоқсан 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германия Федеративтік Республикасына барды. Қазақ басшысы екі күн ішінде Германия канцлері Ангела Меркельмен, бұрынғы канцлер Герхард Шрёдермен, Федералды президент Франк Вальтер Штаймайермен және ірі неміс компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Бұл келіссөздердің нәтижесінде ондаған құжатқа қол қойылып, екі елдің ынтымағы арта түсуі тиіс. Осындай стратегиялық маңызы зор міндетпен Германия астанасына сапар шеккен қазақ басшысын алдымен Ангела Меркель Федералды канцлер ведомствосында салтанатпен қарсы алды

Қазақстан президентінің борты Германия астанасының әуежайына елорда уақытымен күндізгі сағат екі жарымда қонды. Ал Берлинде ол кезде таң атып, жұмыс күні басталып жатты.

Әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаев Германия федералды канцлерінің ведомствосына аттанды. Ол жерде қазақ басшысын Ангела Меркельдің өзі қарсы алды.

Алайда Қазақстан протоколына сәйкес әнұранды түрегеліп тұрып, оң қолды жүрек тұсына қойып тыңдау шарт. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ережеден аттап өте алмады. Сондықтан неміс оркестрі әнұранды орындай бастағанда орнынан тұрып, мемлекеттік рәмізімізге құрметін көрсетті.

Бұл – іскерлік ас. Сондықтан дастархан басында да әңгіме екі ел әріптестігін өркендету төңірегінде өрбіді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропа елдерінен алдымен Германияға келуінің өз мәні бар. Осы аймақта ғана емес, төрткүл дүниеде көп сала бойынша көш бастап тұрған экономикасы алып мемлекеттің Қазақстанға берері мол. Бұдан бөлек Германия Еуроодаққа ашылатын қақпа іспеттес. Сондықтан Еуроодақпен әріптестікті нығайту үшін алдымен осы елмен байланысты бекемдеп алған жөн.

Сандарды сөйлетсек, Қазақстанның да Германия үшін орны ерек екенін аңғаруға болады. Немістердің Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 86 пайызы қазақтарға тиесілі. Былтыр қос ел екі миллиард доллардан астам сомаға сауда жасаған. Алайда биыл құлдырау байқалады. Әсіресе Қазақстан тауарларының Германияға экспорты төмендеп кеткен. Міне, осының себебін журналистермен болған брифингте президенттің өзінен сұрап білу мүмкіндігі туды.

Соңғы төрт жыл ішінде екі ел кәсіпорындары сомасы екі миллиард еуродан асатын ортақ жобаларды жүзеге асырған. Әріптестік өндірістік, машина жасау, құрылыс, химия, энергетика, агроөнеркәсіп салаларында қарқынды дамып келеді. Айта кететіні, Германияның Қазақстан экономикасына құйған қаражатының сексен пайыздан астамы шикізаттық емес секторға тиесілі. «Неміс» дегенде әуелі сапа ойға келері сөзсіз. Сондықтан Қазақстан мұндай сенімді серіктесіне экономикалық аймақтан ойып тұрып орын беріп, неміс инвесторларын көбірек тартуға мүдделі.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы канцлермен, федералды президентпен, «Класс груп», «Линде АГ», «Сименс» сынды ірі неміс компанияларының басшыларымен және белді саясаткерлермен кездеседі. Ал сапардың екінші күні президент Берлин Еуразиялық клубының жиырма сегізінші отырысына қатысады деп күтілуде. Жалпы, екі күндік сапарға жоспарланған шаралардың саны да салмағы да ауқымды. Нәтижесінде тараптар құны екі миллиард долларға жуық келісімдерге қол қояды деп күтілуде.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН 121 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
20:36, 27 қаңтар 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН 121 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ИЕСІЗ ИТТЕР. ҚОРҒАУ КЕРЕК ПЕ, ҚОРҒАНУ КЕРЕК ПЕ?
20:17, 23 қаңтар 2020
ИЕСІЗ ИТТЕР. ҚОРҒАУ КЕРЕК ПЕ, ҚОРҒАНУ КЕРЕК ПЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
20:10, 23 қаңтар 2020
12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
20:35, 22 қаңтар 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
Толығырақ...