ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

20:03, 5 ақпан 2020

Сәттілікке бастар жол. Президенттік жастар кадрлық резервіне енген қостанайлық жастар мемлекеттік қызмет саласының ардагерлерімен кездесті. Жиын барысында аға буын өкілдері мен өскелең ұрпақ мемлекетті басқарудың жаңа форматы, мемлекеттік қызметте мансаптық өсу және жұмыс тиімділігін арттыру мәселелерін қозғады. Іріктеуден өткендердің біразы бүгінде жауапты мекемелерге басшы болып тағайындалды.

Президенттік жастар кадрлық резерві былтыр жасақталды. 13 мың үміткерден  300 жас маман суырылып шықты. Іріктеуден өткендер жауапты қызметтерге тағайындалды. Солардың бірі- Ержан Тоқтағұлов. 27 жастағы  мемлекеттік қызметкер  Қостанай облысы бойынша Еңбек инспекциясы  басшысы лауазымына ұсынылды. Халыққа адал қызмет ету - оның басты ұстанымы.

Президенттік жастар кадрлық резервіне Қостанай облысынан 12 жеңімпаз енген.   Бүгін солардың біразы Мемлекеттік қызмет саласының ардагерлерімен жүздесті. Римма Ғайсенова - мемлекеттік салада   басшылық қызметті  20 жыл тізгіндеген жандардың бірі. Жоғары лауазым халықтан биік емес, елдің бір бөлігі.  Жастар ең бастысы осыны көкейге түюі керек деп есептейді.  

Мемлекет әрдайым білімді жастарды  қолдауға дайын. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік қызметті жаңартып, басшылардың жаңа буынына жол ашылуда.

Маңызды іріктеуден өткен жастар жаңа қызметте кәсіби даярлықтарын, қабілеттерін барынша көрсететін болады. Ал ардагер болса өз кезегінде білімдерімен бөлісуге әзір.   Мұндағы басты мақсат – білікті бас­шылардың жаңа буы­нын қалып­тастыру

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...