ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

18:00, 10 қыркүйек 2019

Қазақстанда алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Елімізде Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау басталды. Бастаманың үйлестірушісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Бүгін аталмыш ведомствоның облыстық департамент өкілдері Қостанайда брифинг өткізді. Сонымен басшы болуға ынталы азаматтарға қандай талаптар қойылады?

Бұл резерв тікелей Президенттің бастамасымен құрылып жатыр. Резервке алынған жастар президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдіріреді.

Осы жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған үміткерлердің кандидатуралары қаралатын болады.

Бүгінгі таңда Президенттік жастар кадрлық резервіне құжат тапсыру басталды. Ол үшін жобаның талаптарына сай келетін үміткерлер pkrezerv.kz сайтына өтуі керек. Жобаға қатысуды тіркеу және құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Бұл резерв бойынша аудан, ауыл әкімінен бастап, министрлікке дейін жұмысқа тұруға болады. Резервке жоғарғы білімі бар, 35 -жастап аспаған, еңбек өтілі 5 жылдан асқан жастардың өтініштері қабылданады. Үміткердің аты-жөні президенттік резервте 5-жыл бойы сақталады.

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...