ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

ПОЛИЦИЯНЫҢ ЕРІКТІ КӨМЕКШІЛЕРІ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

20:59, 19 қыркүйек 2019

Қостанайда полицияның ерікті көмекшілері жұмысқа кірісті. Олар көшелерде кезекшілік құрып, аулаларды аралайды, сөйтіп, қоғамдық тәртіпті қадағалауға жәрдемдеседі.

Еріктілер сол сияқты жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге және қылмыстың алдын алу шараларын өткізуге де жұмылдырылмақ. Полиция басшылары тәртіп сақшыларының көмекшілеріне арнайы форма мен куәлік табыс етті. Айтуларынша, қазіргі еріктілер болашақта құқық қорғаушы болам десе, жол ашық. Бүгінде облыста полицейлерге 500-ге жуық адам өз еркімен жәрдемдесіп жүр. Жыл басынан бері олар 12 қылмыс пен 400-дей әкімшілік заң бұзушылықты анықтаған. Еріктілер қозғалысының маңыздылығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткен болатын. Еске сала кетейік, келесі жыл елімізде еріктілер жылы боп жарияланды.

Тақырып бойынша материалдар

119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
20:45, 21 қазан 2019
119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...