ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ

20:38, 27 наурыз 2020

Төтенше жағдай кезінде Іскер әйелдер қауымдастығы да белсенділік танытуда. Олар бүгін Қостанайда полиция қызметкерлеріне медициналық маска таратты. 200 дана бетперде Жітіқара қаласындағы шағын цехта тігілген. Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Төтенше жағдай жарияланғаннан бері полицейлердің де жұмысы қауырт. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа, енді режимді сақтамағандар да жіті бақылауда.  Іскер әйелдер олардың еңбегін бағалап, аз да болса қолдау көрсетуді ұйғардық, дейді.  

Жалпы Қостанай өңірі короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті жұмыстарды атқаруда. Қиын кезеңде көмектесіп жатқан қауымдастыққа полиция қызметкелері алғыстарын білдірді.

Бұл бетперделердің кәдімгі бір рет қолданатын маскалардан айырмашылығы көп. Жуып, бірнеше рет киюге болады. Екі дананың біреуі далада тағуға арналаса, екінші түрін  нысандардың ішінде кию керек.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...