ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ ЕСЕП БЕРДІ

13:00, 5 наурыз 2020

Былтыр облыста қанша қылмыс ашылды? Полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктері қай деңгейде? Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы қаншалықты заманға сай жабдықталған? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын жылдың қорытындысын жариялаған облыстық полиция департаменті бастығының есебінен біле аласыздар. Өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы толығырақ тілші айтады.

Облыстық полиция департаменті басшысының есебі әдеттегіден ерекше форматта өтті. Заман талабына сай, әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде өрбіді. Сондықтан, сала мамандарының өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы өңірдің 1200-ден астам тұрғыны хабардар болды.

Полиция қызметкерлерінің міндеттерін кезекті мәрте айқындай түскеннен кейін, кезек былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижесіне келді. Өткен жылы өңірде қылмыстар саны 33 пайызға қысқарған. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші ұлғайған.

Ішімдік демекші, тәртіп сақшылары ішімдік тұтынып көлік жүргізгендерге қарсы күрестің күшейгендігін айтады. Осы орайда 197 көлік иесі жауапқа тартылған. Олардың 138-і жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Қалғандары сотта қаралуда. Есірткі бизнесі бойынша да бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде былтыр 1 тонна улы зат тәркіленіп, бәрі жойылған. Ресми мәліметтер жарияланған соң, облыс тұрғындары департамен бастығына өз сауалдарын жолдады. Әсіресе, интернет арқылы алдау-арбау әрекеттері жайлы мәселе қозғалды. 

Департамент бастығы баяндағандай, былтыр із-түссіз жоғалған адамдарды табуға  еріктілер қол ұшын созған. Соның нәтижесінде, облыс бойынша 91 азамат үйіне оралған. Бас полицейдің сөзінше, еріктілермен бірлесе жұмыс істеу шаралары алдағы уақытта да жалғаса бермек. Осы ретте оларға рациялар мен арнайы кеудешелер беру ұсынысы қаралу үстінде.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...