ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮШЕЙТІЛГЕН КЕСТЕДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

20:29, 19 наурыз 2020

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ел бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты аймақ аумағында атқарылып жатқан тиісті шаралар туралы мәлімет берді.

Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Бұл реттегі басты мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындарды қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету. Осы орайда, маңызды мемлекеттік нысандар маңайындағы күзет күшейтілді деген мәлімет келтірді тәртіп сақшылары. 

Полицейлер жұмысы мұнымен шектелмейді. Олар өздерінің сырқатын жасырған немесе емделуден бас тартқан тұрғындарға әкімшілік және қылмыстық іс қозғалатынын жеткізді. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқандардың да жазадан құтылмайтынын ескертті. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты көші-қон қызметі басқармасының мамандары шекара асу ережелерін түсіндірді.      

Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, ТЖ режимі алынғанға дейін ХҚКО-да кезек құрып және паспортты алу қажеттілігі жоқ, өйткені жеке мәселелер, туристік турлар, вахталық әдіспен жұмыс істеу бойынша барлық сапарларға қатаң тыйым салынған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...