ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ПЕШ МҰРЖАЛАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

20:14, 23 қаңтар 2020

Жылыту маусымы басталғалы Қостанай облысындағы көмірмен жылытылатын үйлерде 270-тен астам өрт тіркеліп, 22 адам көз жұмған. Бұған пештегі ақаулар мен қарапайым қауіпсіздікті ескермеу себеп. Мәселен тұрғындардың басым бөлігі мұржаларын тазартуға атүсті қарайды. Ал оның арты кісі өліміне әкеліп жатады. Осы орайда құтқарушылар жер үйлердің пеш құбырларын тазалап, улы газдан қорғайтын құрылғыларды тегін орнатып жатыр. Қайырымды шара көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды ғана қамтиды.

Қостанай іргесіндегі Солнечный шағын ауданы. Мұндағы жер үйлер қыста пеш жағады. Сол себепті Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының басты назарында. Жергілікті тұрғындарға жылыту құралдарын қолданудың қауіпсіздігі жиі айтылады. «Бірақ, пеш мұржаларын тазартуда олар енжарлық танытып жатады», - дейді мамандар.        

Балтабай Әбішев үшінші топтағы мүгедек. Үйін жылытуда ағаш пен көмірді пайдаланады. Пеш мұржасын жылда өз күшімен тазалайды. Ал бүгін құтқарушылар оны тегін тазалауға атсалысты. Арнайы құрылғы арқылы құбыр қас-қағым сәтте екінші дем алғандай болды. Негізі бұл қызмет түрі 3 мың теңгеден басталады. Осыған дейін 56 баспананың мұржасы тазаланыпты.  

Сондай-ақ Әбішевтер жанұясы баспанасына иіс сезгіш құрылғысы да тегін орнатылды. Газдың  иісі сәл шықса, құрылғы дабыл қағып қауіптің алдын алады.

Былтырдан бері аймақта 536 үйге улы газдан қорғайтын құрылғы тегін орнатылған. Жалпы дабыл қаққышқа әлі 8 жарым мыңдай әлеуметтік аз қамтылған отбасы мұқтаж.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...