ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ПАТРИОТТЫҚ АВТОШЕРУ

20:30, 4 маусым 2020

Мемлекеттік рәмізге құрмет шараларын қатарын облыс орталығында ұйымдастырылған автошеру толықтырды. Елдіктің ең басты атрибуттары Елтаңба мен байрақ көтеріп, гимнді орындаған жастар он шақырым жерді жүріп өтті.

Ту, Елтаңба, Әнұран! Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күніне арналған бұндай автошеру биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бастамашы болғандар – жастар.  Ұлы елдің ұрпақтары қазақстандық болғандарын мақтан тұтады. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты саябақтан бастау алған шеру 10 шақырымға ұласты.

Жастарды патриоттыққа баулу мақсатында жасалған аталмыш шерудің қатарынан еріктілерді көрмеу            мүмкін емес. Қашанда қол ұшын созуға дайын тұратын жалынды жастар бұндай шаралар рухтандыра түсетінін айтады.

Мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.  Қостанайлық жастардың ортақ ойы осы. 

Оразғали Нургалиев

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
20:30, 15 шілде 2020
АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...