ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

20:45, 21 қараша 2019

Қостанайдағы «Химик» саяжайлар қауымдастығының аумағында жаяу жүргіншілердің қозғалысы мұңға айналды. Бұған себеп – жер асты құбырларын жөндеу жұмыстарынан кейін мердігерлердің шұңқырларды тегістемей, сол күйінде қалдыруы. «Нұр Отан» партиясына тұрғындардың осындай шағымынан кейін халықтық партия өкілдері бүгін тексеру шараларын жүргізді.

«Химик» саяжайлар қауымдастығының  аумағында пайда болған шұңқыр қала тұрғындарының әбден мазасын қашырған. Наразылықтары негізсіз де емес. Жер асты құбырларын жөндеу жұмыстарынан кейін,  жауапты мердігер компания шұңқырды ашықтан-ашық  қалдырып кеткен.  7 айдан бері беті ашық жатыр,  қауіп көп дейді тұрғындар.

Халықтың арыз-шағымын арқалап келген нұротандықтар болса, тез арада жауапты мердігер компания өкілін шақыртып,  істің ақ-қарасын анықтамақ болды.

Осылайша, көпшіліктің наразылығын тудырған түйткіл келесі аптаға дейін біржақты етілетін болды. Айта кетейік, соңғы кезде халықтың халықтық партияға деген сенімі арта түскен. Партиялық бақылаудың арқасында жыл басынан бері жүздеген мәселе оң шешімін тапқан.

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА
20:30, 7 шілде 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
22:10, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...