ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ӨЗЕН-КӨЛДЕРДІ ОТТЕГІМЕН БАЙЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

20:17, 12 наурыз 2020

Қостанай облысында өзен-көлдерді оттегімен байыту жұмыстары басталды. Табиғат жанашырларының айтуынша, балықтар қалың қар мен мұздың астында қалған. Бұл олардың тыныс алуын қиындатып жіберіпті. Әсіресе өзеннің таяз жерлерінде ауа аз. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы еріктілермен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға тілшіміз Бауыржан Қасымхан да үлес қосты.

Жазда жағаға жоламайтын балықтар қыста осындай ойықтарға жақындайды. Мұз бен қардың қалыңдығынан олардың тынысы тарылады. Сондықтан көлдің қатқан қабатын тесіп, оттегі қорын байыту шаралары қолға алынды.

Орман шаруашылығы мамандарының айтуынша, жерге жарты метрге жуық қар түссе, өзен-көлдерде 40-60 сантиметр мұз қатады. Бұл ондағы оттегі қорын азайтып жібереді. Ал ауа аз болса, аэрация жасалады. Ол – көлдің қатқан қабатын ойып, оттегімен байыту тәсілі. Бұл балықтардың тұншығып қалмауына мүмкіндік береді.   

Өңірде 8000-ға жуық су айдыны бар. Соның 800-інде балық шаруашылығымен  айналысуға болады. Олардың 200-ден астамы жалға берілген. Қалғаны мемлекет қамқорлығында.    

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...