Өзен-көлдердегі су деңгейі төмендеді

Өңірде су тасқынын тоқтатудың кешенді шараларын қолға алудың нәтижесінде жағдай тұрақталды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өзен-көлдерде су деңгейі төмендеді.

21:16, 19 сәуір 2017   161

Қарасу ауданындағы эвакуацияланған елді-мекен тұрғындары өз баспаналарына оралуда. Осы ауданға қарасты Жамбыл ауылында ұзындығы 200 метрден асатын төрт су таратқыш каналдар қазылды, арнайы қорғаныс кедергілері орнатылды. Үйге кіріп кеткен суды тартып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде. Қауіпті аймақтар түгел бақылауда.  

Жергілікті басшылар қазір түгелдей апатты аймақтарда. Арнайы құрылған жедел штаб жұмыс істеп жатыр. 100-ден астам адам қауіпсіз жерге жеткізілген. Сонымен қатар апаттың зардабын жоюға 100-ге тарта адам күші мен 60-тан астам техника жұмылдырылыпты. Нәтижесінде, судың беті қайтты. Өңірде қазір төтенше жағдайлардың алдын алу мен көктемгі су тасқыны салдарын жою мақсатында апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстар жалғасуда. Бүгін жағдай тұрақталды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өзен-көлдерде су деңгейі айтарлықтай төмендеген.  

 

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-66-60