ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖОҒАЛТПАУ КЕРЕК

21:05, 6 қыркүйек 2019

Елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасуы сәнге айналды. Қазір әрбір үшінші отбасы көп ұзамай айырылысып тынады екен. Мамандар жастардың мұндай қадамға баруына, олардың әлеуметтік жағдайы себеп дейді. Мұны қалай шешу керек? Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бірқатар ұсыныстар айтылды.

Олар бір кездері бақытты болған. Ал қазір отбасының шырқы бұзылды. Қашан басталды? Неден басталды? Кім кінәлі? Шым-шытырық. Екеуі де түсініп болар емес. Ерлі-зайыптылар арасындағы болмашы кикілжің дау-жанжалға ұласады. Ақыры, ажырасып тынады. Қостанайда осындай отбасыларға көмек көрсететін орталық іске қосылған болатын. Алғашқы нәтиже қандай? 

Жиынға қатысушылар отбасыдағы ұрыс керіс, зорлық зомбылық қоғам дертіне айналып бара жатқанын айтады. «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» деп үн қатты олар. «Өркениетті мемлекеттерде отбасы, ошақ қасында ыдыс-аяқтың сылдырлауы сирек. Біздегі мақсат та – осы, дейді шара ұйымдастырушылары.

Нина Косюктың айтуынша, тұрмыстық қындыққа тап болып, ажырасудың алдында тұрған ерлі-зайыптылар бүгінде арнайы орталыққа келе алады. Ондағы мамандар психологиялық және құқықтық кеңестерін беруге дайын. Алайда, бір қиындық бар. Орталықтың өзі көмекке мұқтаж. Психолог, медиаторлар жетіспейді. Қаржылай қолдауды қажетсінеді. Және тек Қостанай қаласында ғана емес, барлық аудандарда жұмыс істеуі тиіс. Мамандардың мәліметінше, соңғы статистика Әулиекөл мен Қамысты ажырасу бойынша көш бастап тұрғанын көрсеткен. Сол сияқты, атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін қағаз жүзінде ғана әдейі ажырасу деректері де жоқ емес. Бұл мәселе, енді айрықша назарға алынбақ.   

Назгүл Құдайбергенова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар