ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Отбасы институттарының маңызын арттыру қажет

20:33, 17 қараша 2017

Жанұя құндылықтары ерекше назарда болуы тиіс. Отбасы институттарының маңызын арттырып, мамандар әлеуметтік тұрмысы төмен немесе толлыққанды емес жанұялармен қарқынды жұмыс істеуі қажет. Облыс әкімінің бұндай тапсырма жүктеуіне өңіріміздегі жоғары ажырасу көрсеткіші түрткі болды. Статистикалық деректерге сәйкес, 7 айдың ішінде 3200 үйлену тойы жасалса, 1800 жұп ажырасуға арыз жазып үлгірген. Марат Жүндібаев, осыған байланысты, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын арнайы курстар ашуды ұсынды.

Ажырасу саны жыл санап өсіп келеді. Әрине бұл мемлекет үшін дабыл қағарлық жағдай. Себебі отбасы-шағын мемлекет. Әр отбасының  жеке қиыншылықтары болғанымен, бүгінде бұл қоғам мәселесіне айналып отыр. 2017 жылы 3208 жас отбасы пайда болса,  оның 1884 ажырасуға арыз жазған. Шамамен 4,5 % бір жылдықтарын да атап үлгірмей, некесінен бас тартып жатыр. Ал ажырасудың 35 % 5 жыл бірге өмір сүргеннен соң кезігетін жағдай дейді мамандар.

Ажырасудың 83% сот арқылы өтеді. Барлығының себебі ортақ. Мінезіміз сәйкес келмеді. Бірақ бұның артында не жасырынып тұр? Көбіне жеке шаңырақтарының болмауы, қаражат мәселесі, жұбайының көзіне шөп салу, сондай-ақ қазіргі кезде әйел затының «мен барлығын өзім істей алам деуі». Жиын мүшелерінің айтуынша некеге тұрар алдында жас жұбайларға ешкім отбасылық өмір тек сезім емес, ерлі – зайыптылардың ортақ еңбегі екенін естеріне салып, айтпайды.

Ақпараттық жұмысты күшейту тапсырылды. Сенім телефондары көрсетілген стендтерді іліп, бақытты отбасы тәжірибесін насихаттау қажет. Сондай-ақ хқо мен ахаж-да медиатор, психологтар кабинеттерін ашып «отбасылық өмірдің психологиясы мен этикасы» курсын ашуды ұсынылды.

Тақырып бойынша материалдар

«100 нақты қадам» сот жүйесін жетілдіре түсті
18:36, 13 желтоқсан 2017
«100 нақты қадам» сот жүйесін жетілдіре түсті
Толығырақ...
Үздік әскери қызметкерлер кеші өтті
18:00, 13 желтоқсан 2017
Үздік әскери қызметкерлер кеші өтті
Толығырақ...
Қызметтік көлікті мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
17:57, 13 желтоқсан 2017
Қызметтік көлікті мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
20:30, 8 желтоқсан 2017
2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
Толығырақ...
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
20:34, 8 желтоқсан 2017
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
Толығырақ...
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
18:00, 8 желтоқсан 2017
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
Толығырақ...