ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

«Отбасы – бақыт мекені» байқауы өтті

19:52, 11 қыркүйек 2017

«Отбасы – бақыт мекені». Осындай атаумен еліміздің барлық аймақтарында республикалық акция бастау алды. Мәні мен сәні жарасқан іс шара Қостанай қаласындағы 24- ші мектеп – гимназиясында өткізілді.

Отбасы асыл қазынам, мақтанышым деп ұрандаған жанұялардың барлығы дерлік 24 мектеп – гимназиясының ауласына жиналды. Отбасылық құндылықтарды арттыруға бағытталған сайысқа 1-ші сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Байқауда 4 топ біліктіліктерін бәсекеге салды. Әр қатысушы өзі үшін емес, команда үшін барын салуға тырысты. Олар қара жорға биін билеп, арқан тартыс, қол күрес сияқты ұлттық  ойындарға  қатысып,  мерекенің шырайын келтірді. Қай отбасының да жарысқа жақсы дайындықпен келгендігі олардың өнерінен байқалды. Сайысқа қатысушылардың барлығы мәз- мейрам. Бұл күннің керемет өткенін балалардың жүздерінен - ақ байқауға болады. Шарада отбасы мүшелерінің   спорттық өнерімен бірге, бала тәрбиелеудегі біліктілігі де бағаланды. Бұл байқаудың жас отбасыларға берері мол. Ерлі-зайыптылар  ата-аналық парызын сезінеді. Дені сау, сана сезімі терең, ақыл-ойы зерек ұрпақ тәрбиелеуге бағыттайды. Сондай-ақ, мектеп пен ата-ана  қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізеді.  Спортпен бірге сергек болуды, отбасын бақыт мекеніне айналдыруда жақсы өнер көрсеткен   командалар  жарыс  соңында марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

«ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми байқау өтті
20:46, 17 қараша 2017
«ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми байқ...
Толығырақ...
Құтқарушылар оқу - жаттығу шарасын өткізді
20:41, 17 қараша 2017
Құтқарушылар оқу - жаттығу шарасын өткізді
Толығырақ...
Отбасы институттарының маңызын арттыру қажет
20:33, 17 қараша 2017
Отбасы институттарының маңызын арттыру қажет
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
13:09, 16 қараша 2017
Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
Толығырақ...
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
13:00, 15 қараша 2017
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
Толығырақ...