ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

20:45, 21 мамыр 2020

Күн жылынып, карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілгеннен бері далада асыр салған бала да көбейді. Көбі ата-ана қарауынсыз. Көп ұзамай терек бүршік жарады. Балақайлар оның ұлпасын жаққанды қызық көреді. Ал, бұл өте қауіпті. Сондықтан, Төтенше жағдайлар қызметі қазірден бастап ескертеді. Соңғы деректер бойынша облыста осылай отпен ойнаған 21 бала көз жұмып, 5-ін күйік шалған.

Қанша ескерту жасалса да өңірде балалардың отпен ойнау оқиғалары азаймай отыр. Ата-аналар бұған бейқам қарайды. Осылай деп мәлімдеген Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары соңғы деректерді жария етті. Облыста балалардың қатысуымен 149 өрт оқиғасы тіркелген. 60 млн теңге көлемінде мемлекетке шығын келген. Сондай-ақ, қазір күн тәртібіндегі тағы бір басты мәселе орман өрті және табиғаттың тосын мінезінен болатын қайғылы оқиғалар. Сәуірдің басында болған алапат дауылды көпшілік әлі ұмыта қоймаған болар. Алдағы тәуліктерде де облыс аумағында найзағай ойнап, күн күркіреуі мүмкін. Ұйтқып жел соғады, деген болжам айтады синоптиктер. Бұған да барынша дайын боп, сақтық шараларын ұмытпау керек, дейді құтқарушылар. Айта кетейік, соңғы он жылда найзағай салдарынан 50 ден астам өрт оқиғасы тіркелген. Көбіне найзағай ашық жерлерге немесе жеке тұрған ағашқа түседі. Сондықтан қауіпсіздік басты назарда болуы тиіс. Сақтансаң, сақтайды.

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
20:27, 27 мамыр 2020
КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК
20:26, 27 мамыр 2020
COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...