ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА 29 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ Толығырақ

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР КӨМЕККЕ ЗӘРУ

20:38, 13 қыркүйек 2018

Құрылыс материалдары мен қайырымды жандардың қол ұшын беруі. Өрттен зардап шеккен отбасы көпшіліктен көмек сұрайды. Затобол кентінде тұратын қос зейнеткер бір күнің ішінде-ақ үйсіз-күйсіз қалды. Баспаналарының шатыры түгелдей отқа оранды. Енді Коноваловтар отбасына алғашқы жауын-шашын түскенге дейін үйдің шатырын өз орнына келтіру керек. Өрт зардабымен өз күштері жеткенше күресіп жатқан тұрғындар тірлігіне куә боп қайтқан тілшіміз сөз алсын.

Затобол кентіндегі «Олимпейский 11» мекен-жайындағы оқиға 9 қыркүйекте болған. Алдымен үйдің көлікжайы өртенеді. Қожайындары оттың лезде үйдің шатырына қалай түскенін аңғармай қалған. Тілсіз жау оқиғасының тіркелгеніне 4 тәулік өтті. Содан бері қос зейнеткер өртке оранған баспаналарын өз күштерінше қалпына келтіруде.

Баспана қабырғалары қою түтіннен ысталып қалған. Жиһаздары енді қолданысқа жарамайды. Шатыры жоқ үй азынап тұр. Отанасы қайсысын түгендерін білмей дал болып жүр. Жетпіс жасқа келгенде үй шаруасымен айналысуға шама жетпейді дейді. Жеткеннің өзінде, сау тамтығы қалмаған үйді тез арада қалпына келтурі қиынға соғары сөзсіз.

Өртенген үй қожайындарының айтуынша, бақытсыз жағдай тіркелгеннен кейін жергілікті билік өкілдері кеп, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететінджерін айтып кетіпті. Коноваловтар отбасы көмекке құрылысшы бригада жіберсе екен деп үміттенеді. Өйткені, егде тартқанда шатыр жамамақ түгілі, еңкеюдің өзі мұңға айналды ғой, -  дейді.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА «БАЛ» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
20:49, 9 қараша 2018
ҚОСТАНАЙДА «БАЛ» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕҢГЕ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
20:47, 9 қараша 2018
ТЕҢГЕ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:06, 6 қараша 2018
АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...
САНДЫ ТЕЛЕВИЗИЯ ОБЛЫСТЫ ТОЛЫҚ ҚАМТИДЫ
13:15, 6 қараша 2018
САНДЫ ТЕЛЕВИЗИЯ ОБЛЫСТЫ ТОЛЫҚ ҚАМТИДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН ҚАЛАҒА 6 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
18:05, 6 қараша 2018
ШАҒЫН ҚАЛАҒА 6 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
Толығырақ...