ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

21:00, 10 қазан 2019

Облыс аумағында 75 мыңнан аса жеке тұрғын үйлер бар. Олардың 65 пайызы жылыту пештерін қолданады. Ал, қауіпсіздік ережелерін бәрі сақтай бермейді. Қостанайлық құтқарушылар тұрғындарға пешті дұрыс жағудың әдістері жазылған үнпарақтар үлестіріп, кеңес беруде. Сол сияқты, саяжайларда қоқыс өртеу кезінде болатын келеңсіздіктердің алдын алу үшін рейд шараларын ұйымдастыруда.

Геннадий Мангилевтың бұл саяжайда бағбандықпен айналысып жүргеніне 40 жылдан асқан. Жыл сайын көкөніс, картоп егіп бау-бақшасын баптайды. Күз мезгілінде келесі жылға дайындалып, маңайды тазартады. Арнайы қоқыс жәшіктері жоқ. Сондықтан, бақшадан қалған қалдықтарды өртеуге тура келеді, дейді.

Төтенше жағдайлар департментінің қызметкерлері осы ретте рейд шараларын өткізуде. Түсінік жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертуде.

Мамандардың мәліметінше, бүгінге дейін облыста 1134 өрт оқиғалары тіркелген. Көбі жеке секторларда. Сондықтан қаладағы жер үйлер де басты назарда.

Бүгінде облыс бойынша 5 мыңнан астам аула тұрғындарына өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ережелер жазылған 18 мыңнан аса парақшалар таратылған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар