ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОРМАН ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

20:30, 10 шілде 2020

Облыста орман өртінің алдын алу шаралары жалғасуда. Сәуір айынан бері осыған қатысты 13 дерек тіркелген. Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды қолға алды. 45 мобильді жасақ құрылып, олар күн сайын кезекшілік құруда.

Облыста орман өртінің алдын алу шаралары сәуір айында  басталды. 3 айдың ішінде орман өртіне қатысты 13 дерек тіркелген. Өткен жылмен салыстырсақ, 4 есеге азайған.Бұл жүргізілген профилактикалық жұмыстардың жемісі. Ал мүлде орман өртін болдырмау сирек жағдай. Себебі, найзағайдың салдарынан  немесе күннің ысуы секілді факторларды ескеру керек дейді мамандар.

Жаз келіп, күн жылынған кезеңде өрт шығу қаупі арта түседі. Сол себепті  орманға барып демалушыларды қауіпсіздік шараларын ескеруге шақырады төтенше жағдайлар депараментінің мамандары.Статистикаға назар аударсақ,орман өрті Қарабалық ауданында жиі тіркелуде.

Облыс аумағында тіркелген дала өртінің де саны азайған. Мәселен, өткен жылы 587 өрт орын алса,биыл 108.Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, дала өртінің басты себебі қуаңшылық. Әбден қурап тұрған шөп күннің ыстығынан кез-келген уақытта тұтануы мүмкін.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...