ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН

20:30, 9 шілде 2020

Қостанай облысында шілденің шіліңгір ыстығы басталғаннан бері орман өрті жиілеген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 шілде күні Қарабалық ауданының Өрнек ауылындағы Михайловское орман шаруашылығында 3 гектарға жуық алқапты қызыл жалын шарпыған. Сол сияқты 12 гектар алқапта құрғақ шөп жанған. Өрт сол күні толық ауыздықталды. Оған 10 өрт сөндіруші мен 3 арнайы техника жұмылдырылды. Жергілікті шаруа қожалығының бірі де 2 техника бөліп, өз еріктерімен жергілікті тұрғындар да атсалыпты. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша оттың тұтануына найзағай себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті осындай жағдайларды байқасаңыздар дереу 101 нөміріне хабарлап, өздеріңіз қауіпті аймақтан алыс кетуге тырысыңыздар, деп ескертеді.

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ - ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАСБЕТТЕРІНДЕ
20:30, 11 тамыз 2020
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ - ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАСБЕТТЕРІНДЕ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:30, 6 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
20:30, 6 тамыз 2020
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
Толығырақ...