ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

«ОНЛАЙН-ТӘЛІМГЕР» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:34, 9 тамыз 2019

Өңірімізде «Онлайн-тәлімгер» жобасы іске қосылды. Бүгін аталмыш жобаның алғашқы отырысы өтті. Онлайн желіде – Қарабалық ауданы. Жоба аясында мемлекеттік қызметкерлер онлайн режимдегі байланыс арқылы көкейлеріндегі сұрақтарына жауап ала алды. Жаңа жобаның тиімділігі жайлы келесі бейнематериалда.

Облыс пен аудан арасындағы байланыс одан әрі беки түспек! Қостаанйда «Онлайн-тәлімгер» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты - аудандардағы жас мамандардың уәждемесі мен кәсіби дағдыларды арттырып, көмек көрсету.

Жаңа жоба аясында өткізілетін онлайн жиналысқа өңіріміздің кез-келген мемлекеттік қызметкер азаматтары қосылып, өздерін толғандырған сауалдарына жауап ала алады. Жобаның тәлімгер кеңес құрамына мемлкеттік қызметтің ардагерлері мен мемлекеттік органдардың басшылары кірді.

Жобаның басты тиімділігі – заман талабына сай болуында. Мамандардың айтуынша,  онлайн-режимдегі жиналыс енді дәстүрлі түрде жиі өткізіліп тұратын болады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...