ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ САБАНТОЙ

20:30, 29 маусым 2020

Қостанай қаласында татар-башқұрт мәдениетінің жүздеген өкілдерін жинаған мереке биыл онлайн түрінде өткізілді. Шара Қазақстан халқы ассамбелясының 25 жылдығына арналды. Татар және башқұрт халықтары үшін басты ұлттық мейрам – Сабантойға өңірдегі барша этно-мәдени бірлестіктер қатысты.

Өкінішке орай, куряш күресі бойынша дәстүрлі турнир мен ұлттық ойындар өткізу мүмкін болмады, бірақ татар және башқұрт билері мен әннен шашу шашылды. Бұл форматтың үлкен артықшылығы - концертті үйде отырып кез келген уақытта, ең бастысы – қауіпсіздікте тамашалау мүмкін болды.

Онлайн концерт шағын, бірақ өте әсерлі болып шықты. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері - вокалист Радик Вильдянов, вокалдық "Ляйсан" ансамблі,  жас әнші Диана Кичкайло өз өнерлерін ұсынды. "Ритм" хореографиялық ұжымы, "Зарянка" ансамблінің кішкентай бишілері, "Надежда" халықтық би ансамблі және Қостанай ауданының "Эрфольг" ұжымы мың бұрала билеп меркелік көңіл-күй сыйлады.

шум

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар