ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ӨҢІР ӨНЕРКӘСІБІНЕ 23,3 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

20:30, 27 шілде 2020

Биыл елімізде орын алған пандемияның кедергісіне қарамастан өнеркәсіп ошақтарын өркендетуге инвестиция тартуда біраз алға басушылық байқалады. Жыл басынан бері облыс орталығында осы салаға 23 миллиард 300 миллион теңге қаржы құйылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108 процентке артық көрсеткіш.

Қазір Қостанайда шығарылған автокөліктер тек өз елімізге ғана емес,  шетелге де сатуға шығарылуда. Биыл облыс кәсіпорындарында  жеңіл автокөліктер шығару  өткен жылғыдан  72 процентке  көбейіпті. Мұндай оң өзгерістер өнеркәсіптің өзге  салаларында  да  байқалады. Бұл жетістікке кәсіпорындарды дамытуға инвестиция  тарту  арқылы қол жеткен.

Елімізде шығарылатын   шекемтас пен асбесттің басым бөлігін біздің облыстағы  кәсіпорындар өндіреді. Тобыл өлкесі еліміздің экспорттық қуатын арттыруға да үлесін қосып, әлемнің 60 шақты еліне  тауар  шығарады. Оның басым бөлігін минералды өнімдер құрайды. Қазір облыс  аумағында 700-ге жуық өнеркәсіп ошағы тұрақты жұмыс атқаруда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үкімет  шағын және орта бизнесті дамытуға бірнеше мемлекеттік бағдарламалар арқылы  қаржылай қолдау жасауда. Демек, алдағы уақытта   бұл саланың  тұрғындардың тұрмысын жақсартуға  қосатын үлесі арта түспек»дейді сала мамандары.

Өнеркәсіп ошақтарында  өндіріс  қуатын арттыруда да біраз жұмыс атқарылуда.Осының арқасында биыл  кәсіпорындарда  шығарылған  өнімнің көлемін көбейтумен қатар сапасын да жақсартуға  мүмкіндік туған.

       Бағдат Тобылбай

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...