ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОКТЯБРЬ АУЫЛЫ АУЫЗ СУҒА ЗӘРУ

20:30, 2 шілде 2020

Өңірлерді өркендету – мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан елімізде аймақтардағы ахуалды жақсарту мақсатында «Өңірлерді дамыту – 2020» бірыңғай бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама шеңберінде атқарылған жұмыстар арқылы бүгінге дейін айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Дегенмен, аймақта әлі күнге дейін ауыз сумен қамтылмаған елді мекендер жеткілікті.

Бұл Қостанай ауданына қарасты Октябрь ауылдық округы. Облыс орталығының іргесінде орналасқан ауылдық округ әлі күнге дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмей келеді. Тұрғындар суды сатып алуға мәжбүр. Халықты  ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екені даусыз. Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін бар күш жігерді салу керек. Бұрнағы жылдары «Ақ бұлақ» бағдарламасымен Октябрь ауылдық округын сумен қамтамасыз ету жоспарланған еді, дегенмен жоспар тек қағаз жүзінде ғана қалды. 

Осы секілді азды-көпті проблемаларға қарамастан, ауыл тұрғындары өз ауылдарын тастап кеткілері жоқ. Керісінше, ауылдың экономикасын көтеріп, оның алдыңғы қатарлы елді мекендердің қатарына қосылуы жолында білек сыбана жұмыс істеуде. Ауылда жеке кәсібін ашқан азаматтар көбейіп, жұмыссыздар саны азайған. 

Ауыз су мәселесінің болашақта өз шешімін табарына жұрттың сенімі бар. Жалпы ауылдағы қазіргі атқарылып жатқан шаруалар жергілікті жұртқа үлкен серпін бергендей. Өйткені, үкіметіміз елдегі болып жатқан ауыртпалық пен қиындыққа қарамай, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жасауға ұмтылуда. Өз кезегінде бұл елге үлкен сенім ұялатуда.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...