ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ 325 МЕКТЕБІ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

20:30, 10 қыркүйек 2020

Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты білім ордалары біртіндеп дәстүрлі форматтағы оқу процесіне көшуде. Мәселен, Қостанай облысындағы 490-нан астам мектептің 325-і штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова мәлім етті. Сондай-ақ, үкімет қорынан 2 млрд-тан аса қаражат бөлініп, оқушыларға 15 мыңға жуық компьютерлі техника сатып алынды.

Жаңа оқу жылының екінші аптасы өтіп жатыр. Биыл білім беру процесі бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылған. Жалпы обылысымызда 488 мемлекеттік жалпы білім беретін және 5 жеке меншік мектеп бар. Олардың 325-інде оқу үдерісі штаттық режимде өтуде. Яғни,бұл білім ордаларындағы оқушылардың 19 пайызы дәстүрлі форматта оқып жатыр. Ал 163 мектепте оқу үдерісі қашықтықтан ұйымдастырылған.

Ата-аналардың сұрауы бойынша бастауыш сыныптарда толымдығы 15 адамға дейін болатын кезекші топтар жұмыс істеп жатыр. Айта кетерлігі, мұнда барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Сондай-ақ,кабинеттік жүйе алынып тасталды. Яғни оқушылар кабинет аралап жүрмейді, әр пәннің мұғалімдері өздері келеді. Бір білім ошағында 1 ауысымда адам саны 80-нен аспауы керек. Сонымен қатар, балабақшаларда да кезекші топтар жұмыс істеп жатыр.

Қашықтықтан білім алып жатқан балаларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету үшін оқу жылы басталмай тұрып 11 мыңнан астам компьютер балаларға берілді. Алайда, өңірдің 6 ауданында 1270 оқушыда қажетті оқуға қажетті цифрлы техника жоқ. Бұл мәселе 15-ші қыркүйекке дейін шешімін табады. Ол үшін үкімет қорынан 2 млрд 357 млн теңге қаражат бөлінді.

Бөлінген қаражат пен цифрлы техникалар заңды түрде тиісті жерге жетуі керек.Ол үшін облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті мен «Қостанай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары жұмыс барысын қадағалап отырады.Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымыздың білім ордалары білім лэнд және едупейдж платформаларымен жұмыс істеуде.Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 38 млн теңге қаражат бөлінді.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...