ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:30, 27 шілде 2020

Қостанай облысына Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин іс-сапармен келді. Сапарының басты мақсаты - облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұжымына жаңа басшыны таныстыру. Тағайындау рәсімі аясында министрдің орынбасары тәжірибелі әріптесіне нәтижелі жұмыс пен жаңа аймақта жаңа жетістіктерге жетуді тіледі.

Департамент қабырғасындағы жиын ресми басталды. Спикерлер: ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары және Қостанай облысы әкімінің орынбасары. Басқосудың басты тақырыбы – жаңа басшының тағайындалуы. Осы ретте министрдің орынбасары бекітілген қаулы бойынша Біржан Кәрімовты Қостанай облыстық ТЖД басшысы етіп тайғайындады.

Ресми түрде қызметіне кіріскен Біржан Кәрімов өзіне артылған жауапкершіліктің жүгін арқалап, халық алдында, ұжым алдында аянбай қызмет көрсетуге әркез әзір екенін айтты. Бұған дейін жаңа басшы Қарағанды облыстық ТЖД басшысы қызметін атқарған. Азаматтық қорғау саласында 20 жылдық тәжірибесі бар.

Ресми баталған басқосу салтанатты рәсіммен жалғасты. Бұл ретте бүгінде зейнетке шыққан сала мамандары министрлік тарапынан, облыс әкімі атынан алғыс грамоталарын алды.

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...