ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ

20:30, 9 қыркүйек 2020

Пандемия кезінде облыстық аруханада науқастарды жоспарлы қабылдау уақытша тотқтатылған болатын. Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, емдеу мекемесінің қабылдау бөлімі бұрынғы жұмыс кестесіне көшті. Қауіпсіздік шаралары да күшейтілді. Енді науқастар жоспарлы және шұғыл госпитализация кезінде коронавиурс инфекциясына тексерілуге міндеттеледі.

Облыстық аурухана науқастарды жоспарлы түрде қабылдауды бастады. Пандемияға байланысты бұл  қызмет уақытша тоқтатылған болатын. Тек шұғыл және КВИ белгілері бар сырқат жандарға ғана ем- дом көрсетілді. Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, емдеу мекемесі бұрынғы жұмыс кестесіне көшті. 

Ересектер мен балаларды профилактикалық қабылдау, оңалту қызметтерін  іске асыруда жаңа ережелер белгіленген.  Бірінші кезекте қауіпсіздік шараларына баса мән берілген. Ауруханаға госпитализацяиға жіберілген науқастар  коронавиурсқа ПТР тестін тапсыруға міндеттеледі. 

Емдеу мекемесінің көмегіне  ортагша есеппен тәулігіне   100- 110  науқас  жүгінеді. Оның басым бөлігі жедел жәрдеммен  түсіп жатады. Ақ желеңділердің айтуынша, Оның  ішінде әсіресе қан айналым мен кардиологиялық ауруларға шалдыққандар көп екен.  Аймағымыздағы өзге де медициналық ұйымдар жоспарлы емдеу жұмыстарын бұрынғыша жалғастыратын болады.

Тақырып бойынша материалдар

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ
20:30, 21 қыркүйек 2020
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...