ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

20:30, 11 қыркүйек 2020

Облыста тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды. Иммундау жоспарына сәйкес Ресей елінен 70 мың екпе сатып алынды. Бюджет есебінен екпе егу шараларымен алдымен медицина қызметкерлері, созылмалы ауруы бар науқастар, иммундық тапшылығы әлсіз, жиі ауыратын тұрғындар қамтылады. Ал, қалған санаттағылар ақылы түрде егілуге болады.

Қостанайдағы нөмірі 1-ші емхана. Тұмауға қарсы вакцина егу емдеу мекемесінде басталып та кетті. Дәрігерлер ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды таңдаған дұрыс деп кеңес береді. Биыл вакцинациялау жылдағыдан ерте басталды. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты боп тұрған кезде, иммунитет қалыптасып үлгеруі керек, дейді медицина қызметкерлері.  

Ал, тұрғындарды вакцинациялау 15-ші қыркүйекте басталады. Бюджеттен бөлінген қаражатқа 70 мың екпе сатып алынды. 35 мыңы емханаларға таратылды. Бұл, жеткілікті, әйтсе де қорда болса, артық етпес. Сондықтан, қосымша тағы 26 мың вакцинаға тапсырыс берілген. Ол Ресей елінде шығарылған. Қауіпсіздігі осы вакцина өндірілетін зауытта тексеріледі. Халықаралық стандартқа сай.

Мамандардың мәліметінше, жыл сайын 1 млн қазақстандық тұмау және респираторлық инфекциялармен науқастанады. Ал, оның асқынуы түрлі жағдайларға себепші.  Оның үстіне, күзде коронавирустың қайта өршуі мүмкін деген болжам бар. Сондықтан, дәрігерлер, екпенің қауіпсіздігі қорғалғанын ескеріп, иммундау шараларына белсене қатысуға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...