ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ҚОСЫМША ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

20:34, 2 сәуір 2020

Қостанай облысында коронавирус дертіне қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында тағы бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Мәселен, теміржол мен көлік қатынасымен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды. Облыс бойынша жолаушылар тасымалдауға шектеу қойылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етілді.

Қазіргі таңда қоғамның назарында тұрған жауапты мекеме басшысы Қостанай облысында енгізілген жаңа ережелермен таныстырды. Бұл короновирустың алдын-алу шаралары. Мәселен, қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар үйге жеткізу қызметіне толық көшулері қажет.

Айта кетсек, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап облыс бойынша 8 бағыт бойынша пойыздар тоқтатылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысының шекарасы жабылды. Бірақ халыққа қажетті азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктері толық дезинфекцияланып, еш кедергісіз өте алады.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік қозғалысына да шектеу енгізілді. Енді автобустар арасындағы қозғалыс аралығы 15 минутқа дейін артады. Қоғамдық көліктердің барлығы сағат 20:00-ге дейін жүреді. Соңғы автобус аялдамаларынан 19:00 кезінде шығады. Шектеуді бұзған көлік иелері жауапқа тартылады. 2-ші сәуірден бастап такси қызметін пайдалану  кезінде және қоғамдық көліктерде медициналық масканы кию қажет.  

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...