ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ГЕНДЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛМАҚ

20:03, 13 наурыз 2020

Гендерлік саясат және отбасы құндылықтарын дамыту. Қостанайда өткен жиында осы мәселе талқыланды. Онда тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу, ана мен балаға қамқорлық туралы да айтылды. Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін дамыту бағытында Қостанай өңірінде Гендерлік орталықтар ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік саясатына ден қойылып келеді. Осы бағытта  қоғамдық бірлестіктермен 2019 жылы  өңірде 13 жоба  іске асырылды. Олар  отбасы демографиясын дамыту, гендерлік мәселелерді шешу, тұрмыстық зорлық-зомбылық  проблемаларын шешуге арналған. Бұл ретте әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы айтылды.

Әңгіме өзегіне айналған басты мәселелер отбасылық қарым-қатынастың рөлін көтеру, яғни отбасылық құндылықтарын нығайту, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға қатысты болды. Маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруда аймақ арулары қашанда іскерлік шеберліктерімен ерекшеленген.

Бүгінде әйелдердің қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуы таңсық емес. Еліміздің дамуына өзіндік үлес қосуда астықты аймақ аруларының орны бөлек. Айта кету керек, біздің облыста отбасымен бірге кәсіпкерлікті қатар алып жүрген, саясатта да танылып үлгерген іскер әйелдер аз емес. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында да нәзік жандылардың үлесі басым. Белсенді бикештердің басын қосқан жиында  атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...