ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 2800 КӘСІПКЕР САЛЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҒЫНА ІЛІГЕДІ

18:10, 10 қаңтар 2019

Жаңа жылдан бастап Қазақстандағы кәсіпкерлер үшін салық рақымшылығы жарияланды. Осы бастама аясында Қостанай облысында 2800 іскер азамат салық заңнамасына ілігіп отыр. Бүл туралы аймақтық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мәлімдеді.

Елімізде отандық бизнесті дамыту бойынша жүйелі істер атқарылуда. Қазір кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау зор. Кәсібінен нәсіп тауып жүрген іскер жандар үшін салық рақымшылығын жариялау бастамасы да айтқан  сөзіміздің  айқын дәлелі. Салық кодексіне түзетулер енгізіліп, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес өкілдері осыған дейінгі салықтық берешегінің негізгі сомасын өтесе, өсімпұлдарына рақымшылық жасалады.

Тұтастай алғанда қазақстан бойынша рақымшылыққа шағын және орта бизнес субъектісі ілігідеі. Ал Қостанайда  3 млрд 600 млн теңге бойынша 3 мыңға жуық бизнесменге рақымшылық жасалады. Палата сарапшылары мемлекет тарапынан ұсынылған қолдауды пайдалануға шақырады.

Бұл жағдайда рақымшылық жасау өте маңызды қадам болып отыр. Айта кетейік,  рақымшылыққа мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделген өнім шығаратын өндірушілер ілінбейді.  

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
16:18, 23 наурыз 2019
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ
13:00, 20 наурыз 2019
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН...
Толығырақ...