ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 15 АДАМ ЖҰМЫС ОРНЫНДА ҚАЗА ТАПТЫ

20:35, 9 тамыз 2018

Жыл басынан бері облыста 15 адам жұмыс орнында көз жұмған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген облыстық еңбек инспекциясының өкілдері мәлім етті. Бір күнде бірден төрт адамның өмірін жалмаған бақытсыз жағдай да назардан тыс қалмады. 7-ші тамызда болған қайғылы оқиғаға байланысты түсінік берген сала мамандарының әңгімесін тілшіміз тыңдап қайтты.

Биылғы жылдың басынан бері облыста 66 азамат өндірістік жарақат алып, 15 адам жұмыс орнында қаза тауыпты. Ағымдағы айдың жетісінде Тобыл өңірінің 4 тұрғыны бұл өмірмен біржола қош айтысты. Қайғылы жағдайдың бірі Алтынсарин ауданына қарасты Шоқай  елді мекенінде болған.

«Осы оқыс оқиғаға байланысты сараптамалық жұмыстар жүргізілуде» деп мәлімет берді облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары. Құрамында тиісті мамандар мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері бар арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Еңбек инспекциясы өкілдерінің сөзіне сүйенсек, жұмысшылар көп жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын көрінеді.

Жұмыс беруші демекші, қайғылы оқиғаға байланысты олар да өз жазасын алады. Сараптама қорытындысы шыққан соң, іспен полийейлер айналысады. Кісі өліміне жұмыс берушінің қаншалықты кінәлі екенін сот анқытайды. Заң бойынша олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы әбден мүмкін, дейді еңбек қатынастарына жауапты мамандар.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар