ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

20:36, 21 қараша 2019

Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында бүгін ел көлемінде «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» атты іс-шара өтті. Шара аясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңір тұрғындарын қабылдады. Әкімнің қабылдауына келгендер өздерін мазалаған жеке мәселелерін айтып, өңір басшысына сауалдарын жолдады. Қабылдау барысында аймақ басшысы тыңдалған әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді.

Қабылдауға келген Надежда Сойченко мен Дина Танкина Станционная көшесі №80-ші көпқабатты үй тұрғындарының атынан келіп отыр. Олар осыдан бірнеше жыл бұрын көп қабатты үйлерді қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделген үйдің сапасына наразы. Мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көреміз деп қуанған жұрт қарызға белшеден батып отырғандарын айтады. Кепілдік беріп, жасаған жұмыстарының сапасына жауап береміз деп сендірген мердігер компания алғашында құрылыс жұмыстарын 30 млн теңгеге бағалап, соңында одан да көп қаражат кеткенін айтқан. Шарт бойынша жөндеуге жұмсалған 71 млн теңгені тұрғындар 15 жыл ішінде төлеп бітіруі тиіс. Алайда, жертөлесі су басып, сапасыз құрылыс жүргізген компания қызметі үшін он бес жыл бойы ақша төлеп отыру миға қонымсыз, дейді ашынған тұрғындар.

Жөндеу жұмыстарының сапасыздығына наразы тұрғындардың шағымына құлақ түрген аймақ басшысы жауапты тұлғаларға талап қойып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Қабылдауға келген кезекті тұрғын – Гүлсім Әмренова. Зейнеткер 2005-ші жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтады. Әлеуметтік топ бойынша мемлекеттен үй алу үшін 15 жыл бойы кезекке тұрып келген. Басында 840-шы орында болса, қазір 271-ші орынға жылжыған. Көпбалалы әженің түйткіліне құлақ түрген аймақ басшысы зейнеткер сәл сабырлық танытса, мәселе алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.

Ал, Бейімбет Майлин ауданындағы Май ауылында Мәдениет үйі қараусыз қалып құрып кетудің алдында тұр. Салынғанына 40 жылдан асқан ғимарат күтімсіздіктен тозып, адам көргісіз күйге түскен. Тұрғындар мәдени нысанды сақтап қалу үшін оны мемлекет меншігіне алуды талап етіп отыр. Аумағы 1000 шаршы метрден асатын мәдениет үйінің 420 адамдық көрермен залы бар. Мұнда ең соңғы іс шара 1 қазан күні, қарттар күніне орай өткен екен. Алайда жергілікті билік өкілдері жұртшылықтың тілегін жүзеге асыруға аса құлықты емес дейді ауыл тұрғындары.

Осылайша, облыс басшысына өзін толғандырған сауалдарымен келген аймақ тұрғындары негізінен коммуналдық, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени мәселелер бойынша арызданды. Аймақ басшысы азаматтардың өтініш, тілектерін тыңдап, ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтты.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
20:46, 10 желтоқсан 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:43, 10 желтоқсан 2019
«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...