ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

20:25, 20 наурыз 2020

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бүгін облыс орталығында орналасқан бірнеше нысанды аралады. Алдымен антисептикалық ерітінді шығаратын кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індетінің таралуына байланысты халық үшін қазіргі кезде басты міндет тазалық және сақтық шаралары болып отыр. Осыған байланысты антисептик құралдарына, яғни залалсыздандырғыш заттарға халық арасында сұраныс артуда. Антисептикалық ерітінді шығаратын жергілікті кәсіпорын өнімді тексерістен өткізгеннен кейін, халық игілігіне жұмсамақ. Облыс әкімі дереу осыны қолға алуды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы Большевичка тігін фабрикасына барды. Бұл цех, осыған дейін хабарлағанымыздай, бірнеше рет пайдалануға болатын бетперделер тігуге көшті. Себебі, елдегі төтенше жағдайға байланысты медициналық маскаларға сұраныс артып отыр. Архимед Мұхамбетов, бетперделердің сапасын тексеріп, өнім көлемін арттыруды тапсырды.

Бұл маскалардың ерекшелігі, жуып отырып, бірнеше рет киюге болады. Облыс әкімі бас сұққан мына цехте корғаныс костюмдері тігіледі. Көбіне бұларды белгілі бір ғимаратты, көлікті, жер учаскесін зарарсыздандыруға кию үшін алады. Сондай-ақ, короновирус инфекциясын жұқтырғандармен тікелей жұмыс жасайтындарға өте қажет.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...