ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЭКОАКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

20:45, 14 қазан 2019

Елімізде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өтті. Шарапаты мол шарадан қостанайлықтар да шет қалмады. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бастаған 10 мыңннан астам адам қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен шараға қатысты. Олар 15 мыңға жуық көшет отырғызды.

Бұл – мемлекеттік қызметкерлер мен өңір белсенділерінен құралған жасақ. Барлығы 10-мыңнан астам қостанайлық бірнеше топқа бөлініп, қалаға кіреберісте Назарбаев зияткерлік мектебінің аумағына 15 мыңға жуық көшет отырғызды. «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» республикалық акциясына әрбір ұжым атсалысып, туған жердің жасыл желекке айналуына ерекше үлестерін қосты бұл күні. «Егілген ағаш ауаның тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, күн ыстықта пана, боранды күндері қорған болады. Сондықтан, өзіміздің туған өлкемізді абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын келтіруге баршамыз үлес қосуымыз керек деді қолына күрек алған өңір басшысы.

Бұл күні облыс орталығында қызу жұмыс атқарылды. Қоршалған аумақытың бір басында өңір белсенділері қолмен көшет егіп жатса, екінші бетінде қоқыс тазартылып жатты. Көшетті топыраққа тамырымен отырғызғанда барлық технолгоияны сақтаған абзал деді жастарға үлгі көрсеткен Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ел көлемінде жалғасын тапқан бұл үрдіс қоршаған ортаны аялауға, қала көркін кіргізіп, тазалықты сақтауға септігін тигізбек. Қостанай қаласы әрқашан жасыл желегі мен және айнадай тазалығымен көпке үлгі бола білген дейді өңіріміздің экологиялық инспекторлары.

Иә, ел мен жер — оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары — біздің басты байлығымыз. Ендеше, табиғатты қажетімізге мейлінше пайдалану мен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың, біздің міндетіміз деді шараға қатысушылар.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...