ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС БОЙЫНША МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

20:30, 12 қаңтар 2021

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы тілшілерге арналған баспасөз мәжілісін өткізді. Александр Малашко партиялардың қанша дауыс жинағандығын, депутаттық мандат санын жариялады. Оның пікірінше, саяси науқан сайлау заңнамасының барлық талаптарына сай өткізілді. Сайлаушылардың немесе байқаушылардың тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ.

Аймақ азаматтарының 71 пайызы облыс бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға қатысқан. Дауыс берушілердің жоғары белсенділігі әсіресе Науырзым, Жангелдин, Қамысты, Қарабалық, Федоров ауданында байқалды. Ал облыс орталығында тұрғындардың 61 проценті дауыс берген.  Облыс бойынша сайлауға жалпы 4 партия атынан 641 кандидат ұсынылған. Баспасөз мәжілісінде  орталық сайлау комиссиясы төрағасы сайлау қорытындысы бойынша партиялар ие болған депутаттық мандат санын жариялады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру шарасына  407 мың адам қатысты. Халықтың 81  пайыздан астамы  «NUR OTAN»  партиясына дауыс берген.  «Ауыл» халықтық - демократиялық патриоттық партиясы - 8,9 пайыз, Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы -  9  пайыз дауыс жинаған. 

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында саяси дода санитарлық талаптарға сай өтті. Дауыс беруге арналған нысандардв әлеуметтік арақашықтық сақталды. Сайлау учаскелерінде келушілердің дене қызуы термометрмен өлшенді. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер болды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19.  ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ  ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
20:49, 19 қаңтар 2021
COVID-19. ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ Т...
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ
20:02, 19 қаңтар 2021
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...