ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

20:38, 29 қараша 2019

25 қараша күні Елордада Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалдар өкілдерінің басқосуы өткен болатын. Елбасы партия жетекшілері алдына бірнеше маңызды міндеттемелер жүктеді. Осыған орай, аймақ басшысының қатысуымен облыстық партия активтерінің жиыны өтті.

«Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Нұр Отан» партиясының 7 серпіні». Халықтық партияның тамыз айында қабылдаған жүйелі жаңғырту бағдарламасы осылай аталған еді. Өңір басшысы, алдымен аталмыш жоба бойынша жүргізіліп жатқан партияның аймақтағы жұмыстары туралы тыңдады.

Елбасы «Мықты көшбасшылар – мықты партия» қағидаты бойынша сапалы партиялық электоратты қалыптастыруды міндеттеген болатын. Осыған орай, әйелдер қауымының кем дегенде 30 пайызы және жастардың 20 пайызын партияның сайлау тізіміне енгізуді жүктеді. Рудныйда сапалы үміткерлерді анықтау үшін пилоттық жоба ретінде праймериз ұйымдастырылған. Нәтижесінде кандидаттардың 29 пайызын әйелдер, 43 пайызын жастар құрап, орта жас көрсеткіші 54-ке жеткен.

Облыстық партия активінің мақсаты жергілікті жерлерде партия органдарының жұмысын күшейтіп, партияның ел өңірлеріндегі біріктіруші рөлін арттыру бойынша жұмыстардың негізгі бағыттарын талқылауға арналды. Бүгінде облыстағы 58 мың партия мүшелерінің басын біріктіріп отырған 412 бастауыш ұйымдары бар.

Еліміздегі жетекші саяси партия – «Нұр Отанның» жыл бойы атқарған еңбегі еселі. Нұротандықтардың алдында фракция жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру, партия қатарына үміткерлерді қабылдауда талапты күшейту міндеті тұр. Бұл орайда, фракция мүшелеріне жауапкершілік жүгі артылды.

Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған елдерінің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Мемлекет басшысының орамды ойлары мен оңды бастамаларды жүзеге асыруда облыс жұртшылығын бірлесе жұмыс жасауға шақырған Нұротандықтар осылай деді. Жиын соңында жақсы нәтиже көрсеткен бірқатар бастауыш ұйымдар марапатталды.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
20:46, 10 желтоқсан 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:43, 10 желтоқсан 2019
«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...