ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

НАУҚАС БҮЛДІРШІННІҢ АНАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДАН КӨМЕК СҰРАЙДЫ

13:14, 23 сәуір 2019

5 жастағы бүлдіршін Әнел Жұмабаеваға тез арада операция жасау керек. Сәби туабіткен сал ауруына шалдыққан. Дәрігерлер көз атрофиясының жүйкесі зақымданған деген диагноз қойып отыр. Ауыр сырқатқа шалдыққан балғын Челябі қаласында оңалту шараларын алған. Қазірдің өзінде 2 ота жасалған бүлдіршін қайырымды жандардың көмегіне мұқтаж.

Гаухар Жұмабаеваның көз жасы құрғамағына бес жыл болды. Баласының өмірі үшін анасының бармаған жері, қақпаған есігі жоқ. Бар білгені бастың миына Қытайдағы Юньчен балалар клиникасында операция жасайды екен. Ота құны – 9 млн 397 мың теңге. Дәрігерлер дер кезінде емдеу керек, әйтпесе кеш болады дегенді айтады. Ал жас ананың баласын емдетуге ақшасы жоқ. Қайырымды жандар қол созса екен деп өтінеді.

Жағдайы мүлде нашарлап бара жатқан соң таныстарының кеңесімен  Әминаны Ресейдің Челябі қаласына апарыпты. Әнел Челябіден  өз бетінше тұрып, басын ұстай алатындай жағдайға жетіп оралған. Бірақ әлі де күтімі толық кісіде. Маңайында болып жатқан құбылыстарға назар аудармайды, сөйлемейді, іс-қимылын бақылай алмайды. Соңғы кездері талмасы да жиілеген. Егер тезірек Қытайға жеткізбесек жағдайы мүлде төмендеп кетуі мүмкін дейді анасы. 

SOS! ЖУМАБАЕВА ГАУХАР ЕСЕНГАЗЫЕВНА (АНАСЫ)  

                  Kaspi Gold   5169 4931 2898 2371

                  Халық банк 5354 5100 2585 7763 

Әнелге көмек қолын созғысы келген азаматтар өз қаржыларын экранда көрсетілген есепшотқа аударулары қажет. Қосымша ақпарат алу үшін Гаухар Жұмабайдың номеріне хабарласуға болады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...