ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ

20:30, 9 шілде 2020

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау үшін қазынадан 347 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде төленетін жәрдемақы көлемі 11 пайызға дейін өсті. Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет порталы іске қосылды. Бұл кембағал жандар үшін таптырмас көмек, дейді «Ерікті мүгедектер қоғамы» бірлестігінің төрағасы.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау аясында бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда биыл 10 пайызға көп. Мәселен,2019-ші жылы мемлекет қазынасынан бөлінген сомма 315 миллиард теңгені құраса, биыл ол 347 миллиардқа дейін өсті. Сондай-ақ, кембағал жандарға қолайлы болатын арнайы портал іске қосылды.Оның көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдар үйден шықпай-ақ, өздеріне қажетті құралдарға тапсырыс бере алады.

Сонымен қатар, алдағы 2 жылда мүгедектігі бар адамдардың жұмыс істеу үлесі 30% дейін өседі. Ол үшін қосымша 20 мың адамды жұмыспен қамту қажет. Жоспар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге аспақ.

"Еңбек етемін деген жанға ешбір кедергі жоқ".Мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісті көңіл бөліп келеді, осының арқасында көптеген кедергілер жойылды, дейді «Ерікті мүгедектер қоғамы»  бірлестігінің төрағасы.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...