ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады

18:00, 8 желтоқсан 2017

«Тең мүмкіндіктер жолы». Республикалық акция аясында Қостанайда осындай іс-шара жүргізілуде. Бұл күндері мүгедектерге арналған тұраққа көліктерін қойған 43 жүргізушіге айыппұл салынды. Рейд барысында, мүмкіндігі шектеулі кісілердің еркін жүріп-тұруы үшін жабдықталған жерлердің қаншалықты талапқа сай екендігі де тексерілді.

Жол ережесінің қымбат көлікті тізгіндеген мына жігіт ағасына қатысы жоқ секілді. Көкбазар маңына келіп тоқтап, темір тұлпарын қалаған жеріне қоя салды. Ал, дәл алдында тұрған «рұқсат етілмейді» деген белгіні елемейді. Ол полицияның назарына ілікті.

50 айлық есептік көрсеткіш, (ал бұл деген 113 мың теңге). Әрбір ереже бұзған көлік жүргізушісі осынша айыппұл төлейді. Рейд шарасы барысында, алғашқы күні-ақ 43 адамға айыппұл салынды.

Ольга Черпакова инва такси қызметін жиі пайдаланушылардың бірі. Арнайы тұраққа жету көбіне қиын, дейді. Жолды бөгеп немесе ол жерге басқалардың көлік қойып кетуі күндегі құбылыс екенін айтады.

Полицейлер, шараның алғашқы күні-ақ 43 ереже сақтамаған жүргізушілерді анықтады. Олардан 4 млн теңгеден артық айыппұл өндіріледі. Рейдке өзге де жауапты органдар қатысып, мүгедектерге арналған орындардың қаншалықты талапқа сай екендігін де бақылауда ұстамақ. 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА БАСПАНАҒА КӨНЕРГЕН ҚҰБЫРЛАР ОРНАТЫЛҒАН
20:37, 17 шілде 2018
ЖАҢА БАСПАНАҒА КӨНЕРГЕН ҚҰБЫРЛАР ОРНАТЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...