ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

20:29, 13 тамыз 2019

Барша мұсылман жұртшылығының ұлық мейрамы – Құрбан айт мейрамның үшінші күнінде Қостанай қалалық әкімдігі мен қалалық мешіттер бірігіп, аз қамтылған отбасыларды қолдау шарасын ұйымдастырды.

Құрбан айт - ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Өңіріміздің тұрғындары таң атысымен айт намазын оқуға мешіттерге ағылды. Бұдан соң ата дініміздің салты бойынша, жұртшылық құрбан шалуға асықты. Құрбандыққа шалынған мал еттері қалыптасқан дәстүр бойынша қаламыздың аз қамтылған отбасылары мен көпбалалы аналарға қайырылымдылық көмек ретінде таратылды.

Қалалық әкімдік тарапынан Құрбан айт кезінде ет берілетін адамдардың тізімі жасалды. Оған көмекке аса зәру деген 100 адам енген. Тізім қалалық мешіттерге жолданды. Бүгін осы тізімге енген азаматтарға 5 келіден ет таратылды.  

Тақырып бойынша материалдар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...