ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС АУМАҒЫНА КІРУГЕ ДЕ, ШЫҒУҒА ДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

20:05, 13 қаңтар 2020

Бейімбет Майлин ауданындағы Валерьянов ауылы көп ұзамай сапалы ауыз сумен қамтылады. Құбыр тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Бөлінген қаражаттың қаншалықты мақсатты игеріліп жатқанымен Мәжіліс депутаты Альберт Рау танысты. Мәжілісмен сол сияқты жергілікті серіктестік жұмысшыларымен кездесіп, тағы бірқатар нысандарды аралады.

Мәжіліс депутаты алдымен Бейімбет Майлин ауданының іргесінде орналасқан Вальерянов аулына ат басын тіреді. Бұнда таза ауыз судың жоқтығы халыққа жайсыздық тудыруда. Бірақ бұл мәселе алдағы уақытта шешімін таппақ. Құрылысы басталып кеткен су құбырын тарту жұмысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталады.

Елизаветинка селолық округіне де мәжіліс депутаты арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұқараның ұсыныс-тілектерін тыңдап, елімізде қолға алынған жаңа бастамалар мен заң жобаларына тоқталып өтті.

Жалпы өңірлерді аралап жүрген мәжілісмендер көздеген мақсаты ауыл-аймақта қордаланған мәселелерді шешу, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Айтуларынша,   өзекті проблемалар Үкімет деңгейінде қаралатын болады.   

Тақырып бойынша материалдар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:27, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...