ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»: ҮЛГІЛІ ЖАНҰЯЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

20:37, 15 мамыр 2019

Қостанайда ең үздік «Мерейлі отбасы» анықталды. Жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» дәстүрлі байқауының облыс аудандары мен қалаларында іріктеу кезеңі жүріп жатыр. Қостанай қаласында өткен байқауда 8 отбасы сынға түсті. Сайыскерлердің жасы, жұмыс істейтін саласы, ұлты мен діні әр түрлі болғанымен бәрін жанұяға деген махаббаты, отбасылық құндылықтарды жоғары бағалайтындары біріктіреді.

Биылғы байқауда 8 отбасы бақтарын сынады. Араларында өнер, білім,мемлекеттік қызмет, тағы басқа салаларда еңбек етіп жүрген адамдар бар. Қызмет пен отбасылық өмірді қатар алып жүрген жанұя мүшелері жас ұрпақты рухани құндылықтарға үйретіп, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеп келеді. Ұйымдастырушылардың мақсаты да осы қасиеттерді насихаттау. 

Байқауда бақ сынаған Бестібаевтар  әулеті көрермендерді отбасылық дәстүрлерімен қызықтырса, Сайфиевтер отбасы салауатты өмір салтын ұстаумен көзге түсті.  Олардың барлығы да мадаққа лайық, жұрт үлгі тұтар жандар

Тәрбиелі бала өсіріп, үлгі көрсетіп отырған қалған жанұялар да сыйлықтарға, марапатқа ие болды. Үшінші орынды   Минко әулеті алды. Александр мен Айша 4 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде  осы әулеттің отағасы үздік мұғалімдердің бірі. Екінші орын Жарасбаевтар отбасына лайық деп шешілді. Отағасы  Алмат– шекарашы, жақсы қызметі үшін көзге түсіп жүрген ел азаматтарының бірі.  Жары Зибагүл –педагог.

Бас  жүлде, бірінші орынды Шәкіржановтар отбасы алды. Айбол мен Ажар Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының талантты актерлері. Айбол Шәкіржанов киноға түсіп, «мәдениет қайраткері» атағына ие болды.  

«Мерейлі отбасы» байқауы шаңырақтың бірлігі мен татулығын арттыратын жоба дейді байқау қатысушылары. Себебі, жұрт тату-тәтті, ынтымақты отбасыларды дәріптеуге тұрарлық екенін мақтанышпен айтып жүруі тиіс. Үздік деп танылғандар енді облыстық  кезеңде жалпыұлттық республикалық байқаудың жолдамаларын сарапқа салатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
20:32, 22 шілде 2019
ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...