ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТҚАН

20:30, 11 қыркүйек 2020

Билік пен бизнес арасында ынтымақ арта түскен. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Денисов ауданында су жаңа стадион пайдалануға берілді. Құрылыстың шығынын жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері толықтай өз мойнына алған. Экономикасы дамыған ауданда көлік жолдары да жылдан жылға қалыпқа келтірілуде. Дәрігерлік амбулаториялар тұрақты жұмыс істеп тұр. Ауылға жас мамандар көптеп тартылуда.

Свердлов ауылының қазіргі тірлігі ешкімнен кем емес. Әлеуметтік нысандар жөнделіп, қайтадан қатарға қосылған ғимараттар саны артқан. Елді- мекенді  абаттандыруға жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қашанда қол ұшын беріп, көмегін аяған емес.  Былтыр жаңа стадион салынып, кедір -  бұдыр жолдар қалыпқа келтірілді. 

Свердлов ауылында 800 – жуық адам тұрады. Мектепте оқушы саны 100- ден асады. Дәрігерлік амбулаториялар тұрақты жұмыс істеп тұр. Маман тапшылығы мәселесі жоқ. Былтыр Қоныстандыру бағдарламасы бойынша жас отбасылар көшіп келді. Ауыл экономикасы жақсарып, жергілікті тұрғындар тәуір тұрмыс кешуде.

Мемлекет кәсіпкерлерді қолдап отыр, өз кезегінде өнім өндірушілер де әлеуметік салаға жәрдемін аяп жатқан жоқ. Инна Корнева жергілікті кәсіпорындардың бірін басқарады.  Әуелгіде өсімдік өндірісімен айналыса бастаған іргелі серіктестік, 2015 жылы мал шаруашылығын қолға алды. Қазір бір мыңнан артық  Абердин – Ангусов  асыл тұқымды ірі қара бар. Жергілікті фермерлер «сыбаға» бағдарламасын ұтымды пайдаланып, мал басын көбейтуде.

Жер ырыздығынан пайда тауып, мал шаруашылығын өркендетіп отырған  шаруалар   ауылды гүлдендіру ісін одан әрі жалғастырмақ.  

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...