ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ БЕРДІ

13:00, 3 желтоқсан 2019

Мемлекеттік қызметке қабылданған қостанайлық жас мамандар ел игілігі үшін адал тер төгуге ант берді. Олар жауапты қызметті бекер таңдамағанын айтады, Отан үшін еңбек етуді абырой санайды. Ал ант беру рәсімі жастардың бойында патриоттық рухты одан әрі нығайтары сөзсіз. Жас мамандар қызметке тұрғанша бірталай сынды артқа тастады. Тестілеуден, әңгімелесуден өтті, сынақ мерзімі тағы бар. Соның бәрінен сүрінбегендер бүгін салтанатты түрде ант беріп, қолдарына куәліктерін алды. Салтанатты рәсімде облыстың аудан-қалаларында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер Тұңғыш Президент күнінің құрметіне алғыс хаттармен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...