ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

20:02, 13 наурыз 2020

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанайда жиын өткізіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Онда, мемлекеттік қызметкердің жұмыс уақыты, әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау құқығы туралы сөз болды.

Департамент басшысы өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгенін атап өтті. Бұл норма Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен заңға енгізілгенін айтты.

Сондай-ақ, әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындауға құқығы бар адамдардың саны кеңейтілді. Енгізілген түзету әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурс арқылы түсудің ескі тәрітібін жоймайды.Үміткерлер белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес келген кезде уəкілетті комиссияның шешімімен орналаса алады.

Брифинг барысында департамент басшысы атап өткендей,  мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн. Бұндай жағдайда мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...