ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАРАЛДЫ

20:08, 11 наурыз 2020

Бұдан былай мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгеруі мүмкін. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында осы мәселе қаралды. Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасына енгізілген бірқатар өзгерістерді депутаттар да жан-жақты талқылады. Құжаттағы соңғы жаңалықтар туралы Мәжіліс отырысына қатысқан тілшіміз айтсын.

Міне, мемлекеттік қызметтің су жаңа "бас инспекторы" - Анар Жайылғанова. Агенттікті басқарғанына небары тоғыз ай болды. Осы аралықта мемлекеттік қызметтің сапасын өзінше зерттеп келгенге ұқсайды. Депутаттар алдына әкелген заң жобасына біраз жаңалық енгізісі келеді. Әңгімені жанындағы емес, ауылдағы шенеуніктердің жайынан бастады. 

Пакетке салып беретін "сарқытты" да агенттік төрағасының аяғысы жоқ. Оның пайымдауынша, "Дипломмен ауылға" бағдарламасына жастар қызықпайды. Ауылға баратындар қайтарымсыз қаржы, баспана дегенде ғана ойланады. Анар Жайылғанованың қоржынындағы өзгерістер қаладағы шенеуніктерді де айналып өтпейді. Мәселен, "А" санатындағы шенділер, яғни әкімдердің орынбасарлары мен вице-министрлерге қойылатын талап күшейтілуі тиіс. Ол мұндай қызметтегі лауазым иесі тек мамандығы болғанда ғана сол саланы басқаруы керек деп санайды. 

Жаңа басшының жаңа тәртібіне қатысты депутаттар тарапынан наразылық болған жоқ. Сондықтан, заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Тек бұл салаға қатысты үлкен ескерту жасалды. Заң - қарапайым құжат емес, сондықтан, жеті рет өлшеп, бір-ақ рет кесу керек!

Сапа... сұрау... демекші... Осы отырыста кейбір шенділер халық қалаулыларын жерге қаратты. Өзге ұлт өкілі, депутат Наринэ Микаелянның қазақша сауалына сол тілде жауап бере алмады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...