ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

20:33, 26 ақпан 2020

Өңірде мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру жұмыстары жолға қойылып, электронды нұсқада ұсынылған қызметтер саны едәуір артыпты. Салаға енгізілген реформалар бүгінде оң нәтиже беруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтен баспасөз мәжілісінде ҚР Мемлекеттік істер Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің өкілдері мәлім етті. Былтыр әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілерге қатысты 61 іс қаралды. 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сұхбат алаңының бұл жолғы мейманы - Мемлекеттік істер Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы. Асхат Ескендіров мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Мемлекеттік мекемелерге  жоғары білікті  кадрларды дайындау мақсатында  мемлекеттік қызмет мектебі ашылды. Тәжірибелі мамандар мұнда жастарға дәріс оқып, тренингтер өткізеді. 

Арқалық қаласында былтыр  тестілеу орталығы бой көтерді.  Оңтүстік аудандарда мемлекеттік қызметке орналасуды көздеген  үміткерлер   облыс орталығына бармай, осы  жерде тест тапсыра алады. 2019 жылы әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге қатысты 61 іс қаралды. 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Баспасөз брифингінде мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, халық алдындағы міндеттері туралы айтылды. Еңбек өтілін дұрыс есептеу нәтижесінде мемлекетті қызметшілерге былтыр 1 млн.  200 мың теңге көлемінде жалақы   қайтарылды. Өңірімізде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қолға алынды. Былтыр электронды тәртіпте   көрсетілген қызметтер саны 20 пайызға өсті. Салаға ақпараттық технологияларды енгізу - тұрғындардың уақытын үнемдеп,   шығынды қысқартып,  жемқорлықтың алдын алуға ықпал етпек.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар