ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

20:30, 8 шілде 2020

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті бірінші жартыжылдықта жүргізілген тексерістердің нәтижесін жариялап,жұмыс сапасын қорытындылады. Мәселен,мамандардың сөзінше өткен жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдар тарапынан заң бұзушылықтар саны 20 есеге азайған.

Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу. Мемлекеттік қызметші атану – адамның кәсіби білімді, жауапкершілігі мол әрі білікті маман болуын талап етеді. Және ең бастысы өзгеге үлгі бола білуі қажет.

Тексерулер барысында жергілікті атқарушы органдардың тарапынан 194 бұзушылық тіркелген.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 есеге аз екендігі белгілі болды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процедураларын  бұзушылықтардың саны 45 есе азайды.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» дегеніндей, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі олардың жұртшылық алдындағы мемлекеттік басқару органдарының имиджін анықтайтын мінсіз мінез-құлықтарымен қатар жүруі керек.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...