ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

20:43, 6 қараша 2019

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 20 пайызы қағаз жүзінде көрсетіледі. Бұл салада көптеген қемшіліктердің орын алуына кері әсерін тигізіп жатқанын айтады мамандар. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша қателіктер 8 есеге өскен. Сондықтан, электронды жүйенің үлесін арттыру жұмыс процесінің ашық әділ өтуіне жағдай жасамақ.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік қызметте әкімшілік кедергілерді азайту мәселесі қаралды. Баяндамашының сөзінше, биылғы жылдың тоғыз айында тұрғындарға 6,5 миллион мемлекеттік кызмет көрсетілді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 35 пайызға жоғары. Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды нұсқада іске асырылды.

Мемлекеттік қызмет сапасына жүргізілген мониторинг нәтижесі осыны айғақтайды. Себебі, орын алған кемшіліктердің 80 пайызы қағаз жүзінде көрсетілген. Оның ішінде мемлекетті қызметтердің мерзімі бойынша заңбұзушылықтар 8 есеге өскен. Мемлекеттік қызметтердің электронды нұсқадағы үлесін арттыруға айрықша көңіл бөлінуде.

Биыл Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аймақтық департаментімен азаматтардан 200 ге жуық өтініш арыздар қаралды. Оның тең жартысын шағымдар құрайды.

Қателіктерге жол берген мамандар жауапқа тартылды. Биыл 8 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Басқарма қзыметкерлерінің айтуынша, мамандардың біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау бағытында кешенді жұмыс жоспары бекітілімек.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ
20:45, 11 қараша 2019
«ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...